Корпоративтік жауапкершілік
Біздің Компаниямыз әлеуметтік-экономикалық дамуға, сондай-ақ қашықта орналасқан аудандарда жұмыс орындарын құрып, игіліктерін арттыруға нағыз қажет болатын ресурстарды табыс етудің есебінен жергілікті қауымға, әрі жалры қоғамға қолдау жасап отыр. Компания Қазақстан экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып, мемлекеттік инфрақұрылымға айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді және жергілікті деңгейде қызмет көрсетіп отыр.
Осындай жасап отырған игіліктердің үстіне, біз жергілікті қауымның даму өркендеу деңгейін жоғарылата отырып, қоршаған ортаны қорғай отырып, денсаулық пен еңбек үшін қауіпсіз де дұрыс ұйымдастырылған жұмыс орындарын қамтамасыз ете отырып, өндірістік қызметімізді ұйымдастыруға және жүзеге асырылуына асқан саналылықпен әрі толық жауапкершілікпен қараймыз. Мұндай көзқарас, капиталға қол жетімділіктің ұлғайтылуы мен операциялық шығындардың азаюының арқасында, біздің бірінші кезектегі міндетіміз болып табылып отырған, Компанияның акционерлік құнын тікелей арттыра түседі. Өндірістік қызметті жүргізу жауапкершілігі де біздің беделімізді арттырып, жергілікті қауыммен арадағы жағымды қарым-қатынастарымызды қолдауға, сондай-ақ бәсекеге қабілетті жұмыс күшін тартып, өз арамызда сақтап қалуға мүмкіндік туғызады.
Сайттың осы бөлімі біздің төмендегілерге деген көзқарасымызды сипаттап береді:
- Корпоративтік жауапкершілікті басқаруға
- Қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға
- Қоршаған ортаға
- Кадрлар ресурстарына
- Жергілікті қауымға
Біздің жылдық есебімізде осы саладағы қызметіміз туралы ақпараттарды ұсынып тұрамыз, оны осыдан көшіріп алуға болады.
Аталған бағыттар бойынша қызметтің жақсарғандығын паш ететін біздің қолданылып отырған іс-шараларымыз туралы осыдан толығырақ оқыңыз.

