Jump to main navigation | Jump to sub navigation | Jump to SiteMap | Jump to Home Page |

негізгі қызметі  – орта азияда пайдалы қазба байлықтарын өндіру
Kazakhmys
жиі көп қойылатын сұрақтар

Акцияларды қалай сатып алуға және сатуға болады?

Сіз Қазақмыс ПЛС жай акцияларын қаржылық мәселелер жөніндегі кеңесшінің немесе биржалық маклердің, банктің немесе сақтандыру қоғамының немесе осындай қызмет көрсететін кез келген делдардың көмегімен сатып ала аласыз және сата аласыз. Акцияларды сатып алғаныңыз және сатқаныңыз үшін комиссиялық сыйақылар ұйымға байланысты әр түрлі болады.

 

Біздің Тіркеушімен қалай хабарласуға болады?

Акционерлердің аты-жөнінің немесе мекен-жайының өзгеруіне байлынысты немесе дивидендтерді төлеу мен акционерлік куәлікті тексеру туралы сұрақтарға жауап алу үшін төмендегі мекен-жай бойынша Тіркеушіге хабарласуға болады:

ComputerShare Investor Services PLC

PO Box 83

The Pavillions

Bridgewater Road

Bristol

BS99 7NH

Қазақмыс ПЛС тіркелген кеңсесі қайда орналасқан – компаниямен байланысқа қалай шығуға болады?

Тіркелген кеңсенің мекен-жайы:

Kazakhmys PLC,

6th Floor,

Cardinal Place,

100 Victoria Street,

London,

SW1E 5JL

United Kingdom.

 

Қазақмыс ПЛС қайда сауда жасайды?

Қазақмыс ПЛС Лондон Қор Биржасында, KAZ тиккерімен, сондай-ақ Қазақстан Қор Биржасында сауда жасайды.

Тіркелген акционердің қандай құқықтары бар?

Тіркелген акционер ретінде Сіз компанияның жылдық есебінің көшірмесін және Қазақмыс ПЛС жылына екі рет беретін дивидендке ие боласыз. Жылдық есепте компанияның қаржылық көрсеткіштері туралы толық ақпарат жинақталған, сондай-ақ онда компания туралы жан-жақты мәліметтер келтірілген.

Жыл сайын Сізді Жылдық Жалпы Жиналысқа (ЖЖЖ) қатысуға шақырады.  Егер кезек күттірмейтін маңызды мәселелер туса, акционерлер Кезектен тыс Жалпы Жиналысқа шақырылады. Жылдық Жалпы Жиналыс акционерлер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы. Жиналыста Қазақмыс ПЛС өткен жылғы қызметінің қорытындылары қаралып,  акционерлерге сұрақ қоюға және маңызды мәселелер бойынша дауыс беруге мүмкіндік беріледі. Бұған, мәселен, Жылдық Есепті бекіту, директорларды сайлау мен аудиторларды қайта сайлау кіреді. Акционерлердің жиналыстың күн тәртібіндегі кез келген мәселе бойынша немесе Компания мен оның қызметі туралы сұрақ қоюға құқықтары бар.

Жылдық есепті қалай алуға болады?

Жарияланған есептің электронды нұсқасын сайттан жүктеп алуға болады. Қағазға басылған нұсқаны алу үшін төмендегі мекен-жайға сұрау жіберіңіз: info@kazakhmys.com.

 

Акция Эмиссиялар Проспектін алуға бола ма?

Сайтта бұл құжаттың электронды көшірмесі бар.

 

ЖЖЖ қашан өткізіледі?

Оқиғалар кестесін қараңыз.

 

Келесі қорытындылар қашан жарияланады?

Оқиғалар кестесін қараңыз.

Дивидендтерді төлеу саясаты қандай?

Директорлар Топтың кірістерінің табысы мен өсімін, сондай-ақ дивидендтерді сәйкес жабу деңгейі сақталғанда капитал мен ақша айналымы қажеттілігін ескеретін дивидендтерді төлеу саясатын қабылдамақшы. Директорлар Кеңесінің мүшелері аралық және түпкілікті дивидендтерді жылдық жалпы дивидендтердің сәйкесінше шамамен үштен бірі және екіден бірі көлемінде төлеуді ұсынады.
БАҒАЛАР ӨЗГЕРІСІ
275.25p    (-6.25p) LSE
1:48pm  7 Jan 2009
Хабарлама
БІЗДІҢ ТАРАТУ ҚЫЗМЕТІМІЗГЕ ЖАЗЫЛУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ СІЛТЕМЕНІ БАСЫҢЫЗ
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТІ СҰРАУ
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПТІҢ КӨШІРМЕСІН НЕМЕСЕ АРАЛЫҚ ЕСЕПТІ АЛУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ МЕКЕН-ЖАЙҒА СҰРАУ ЖІБЕРІҢІЗ: