негізгі қызметі  – орта азияда пайдалы қазба байлықтарын өндіру
 
Kazakhmys
Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгі күні Қазақмыс ПЛС шығарған акциялардың саны 535 240 338 қарапайым акцияны құрап отыр. Барлық акциялар бір акция - бір дауысқа теңелетін құқыққа ие.

Сіз Қазақмыс ПЛС жай акцияларын қаржылық мәселелер жөніндегі кеңесшінің немесе биржалық маклердің, банктің немесе сақтандыру қоғамының немесе осындай қызмет көрсететін кез келген делдардың көмегімен сатып ала аласыз және сата аласыз. Акцияларды сатып алғаныңыз және сатқаныңыз үшін комиссиялық сыйақылар ұйымға байланысты әр түрлі болады.

Акционерлердің аты-жөнінің немесе мекен-жайының өзгеруіне байлынысты немесе дивидендтерді төлеу мен акционерлік куәлікті тексеру туралы сұрақтарға жауап алу үшін төмендегі мекен-жай бойынша Тіркеушіге хабарласуға болады:

ComputerShare Investor Services PLC

PO Box 83

The Pavillions

Bridgewater Road

Bristol

BS99 7NH

Тіркелген кеңсенің мекен-жайы:
Kazakhmys PLC,
6th Floor,
Cardinal Place,
100 Victoria Street,
London,
SW1E 5JL
United Kingdom.

Қазақмыс ПЛС Лондон Қор Биржасында, KAZ.L тиккерімен, сондай-ақ Қазақстан Қор Биржасында, GB KZMS тиккерімен, сауда жасайды.

Тіркелген акционер ретінде Сіз компанияның жылдық есебінің көшірмесін және Қазақмыс ПЛС жылына екі рет беретін дивидендке ие боласыз. Жылдық есепте компанияның қаржылық көрсеткіштері туралы толық ақпарат жинақталған, сондай-ақ онда компания туралы жан-жақты мәліметтер келтірілген.


Жыл сайын Сізді Жылдық Жалпы Жиналысқа (ЖЖЖ) қатысуға шақырады. Егер кезек күттірмейтін маңызды мәселелер туса, акционерлер Кезектен тыс Жалпы Жиналысқа шақырылады. Жылдық Жалпы Жиналыс акционерлер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы. Жиналыста Қазақмыс ПЛС өткен жылғы қызметінің қорытындылары қаралып, акционерлерге сұрақ қоюға және маңызды мәселелер бойынша дауыс беруге мүмкіндік беріледі. Бұған, мәселен, Жылдық Есепті бекіту, директорларды сайлау мен аудиторларды қайта сайлау кіреді. Акционерлердің жиналыстың күн тәртібіндегі кез келген мәселе бойынша немесе Компания мен оның қызметі туралы сұрақ қоюға құқықтары бар.

Бүгінгі күні Қазақмыс ПЛС шығарған акциялардың саны 535 240 338 қарапайым акцияны құрап отыр. Барлық акциялар бір акция - бір дауысқа теңелетін құқыққа ие.

Жарияланған есептің электронды нұсқасын сайттан жүктеп алуға болады. Қағазға басылған нұсқаны алу үшін төмендегі мекен-жайға сұрау жіберіңіз: info@kazakhmys.com.

Сайтта бұл құжаттың электронды көшірмесі бар.

Оқиғалар кестесін қараңыз.

Оқиғалар кестесін қараңыз.

Директорлар Топтың кірістерінің табысы мен өсімін, сондай-ақ дивидендтерді сәйкес жабу деңгейі сақталғанда капитал мен ақша айналымы қажеттілігін ескеретін дивидендтерді төлеу саясатын қабылдамақшы. Директорлар Кеңесінің мүшелері аралық және түпкілікті дивидендтерді жылдық жалпы дивидендтердің сәйкесінше шамамен үштен бірі және екіден бірі көлемінде төлеуді ұсынады.