ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Бұл сайтта «Қазақмыс» ПЛС (бұдан әрі – «Қазақмыс») туралы жалпы ақпарат берілген. Дегенмен, маңызды шешім қабылдар тұста оған жүгінудің қажеті жоқ. Осы сайтта келтірілген кез келген ақпарат инвестиция жасауға немесе Қазақмыстың акцияларымен немесе басқа да құнды қағаздарымен немесе оның қызмет түрлерімен сауда жасауға үндемейді.
Қазақмыс осы сайтта берілген барлық ақпарат жарияланған күніне сай дұрыс болуын қамтамасыз етуге тырысқанымен, компания бұл ақпараттың дәлдігіне кепіл бере алмайды және оның дәлдігі мен толықтығына кепіл бола алмайды.
СЫРТҚЫ САЙТТАРҒА СІЛТЕМЕ
Бұл сайтта басқа ұйымдардың сайттарына жол ашатын сілтемелер берілген. Бұл сілтемелер интернетті шарлаудағы Сіздің жұмысыңызды оңайлату үшін берілген. Сондай-ақ сыртқы сайттар Қазақмыстың оларға әлдебір қатысы барлығын және олардың мазмұны үшін жауапкершілік алады дегенді білдірмейді. Қазақмыс мұндай сыртқы сайттар мен оларда жраияланған ақпарат үшін ешқандай жауапкершілік алмайды. Ол сайттарды ашатын тұтынушылар жауапкершілікті өз мойнына алады.
САУДА БЕЛГІЛЕРІ
Бұл сайтта әлдебір фирма атаулары мен сауда белгілерінің жариялануы үшінші жаққа осы фирмалық атаулар мен сауда белгілеріне қатысты лицензия берілді дегенді білдірмейді.
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ
Қазақмыс осы сайтта жарияланған ақпаратқа авторлық құқыққа ие, бірақ оның үшінші жақтың авторлық құқығы көрсетілген жағдайларға қатысы жоқ. Егер осы сайттың белгілі бір бөлігінде жарияланған арнайы тыйым болмаса, тұтынушылардың жеке пайдалануы үшін сайттың кейбір бөліктерін қағазға басуға рұқсат етіледі, оның бір ғана шарты – кез келген көшірмеде авторлық иелігі туралы мәлімет көрсетілуі керек немесе жауапкершілігі шектелгені туралы мәлімдеме берілуі керек. Ақпараттарды басқаша түрде пайдалануға тыйым салынады.
ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
Қазақмыс осы мәлімдеме арқылы кез келген уақытта аталмыш сайтты пайдалану шарттарын және оның мазмұнын өзгертуге құқығы бар екенін мәлімдейді. Қазақмыс мұндай өзгертулерді қысқа мерзімде осы сайтта жариялайды.

