
Жыл сайын біз Қазақстандық өндірістің материалдары, тауарлары және қызметтерді сатып аламыз. Қазақстандікін сатып ала отырып, біз тек сапалы материалдарды, тауарларды және қызметтерді пайдалы бағаларымен сатып алып қана қоймай, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің қызметтері мен тауарлары сапасын одан әрі дамытуға және Қазақстан экономикасының өркендей түсуіне мүмкіншілік туғызамыз.
Барша Қазақстандықтар үшін соншалықты маңызды ортақ іске қатыса отырып, Қазақмыс Тобы отандық өндірушілердің өнімдерін ілгерілету жөніндегі «Қазақстандықты таңдаймыз» атты науқанды өткізіп отыр, соның аясында Топ бұрын ТМД елдері өндірушілерінен сатып алып келген тауарларды, жабдықтарды және қызметтерді енді Топ жергілікті өндірушілерден сатып алып отыруға көшкен. Атап айтқанда, құю өнімі, кабельдік, мата бұйымдары, металл прокаттар, жанар-жағар май және құрылыс материалдары, электротехникалық жабдықтар және өзгелер.
Бағдарлама туралы қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласқан жөн 8 (7212) 95 21 95, 95 20 96, сонымен қатар, мына мекенжайға сауал жіберуге болады: madeinkz@kazakhmys.com

